Жақында ғана 83 жасқа толған Аль Пачино қызды болғаны және бүгінде оның мұрагері бар екені белгілі болды.
Жаңа туған нәрестенің анасы – актерден 54 жас кіші Нұр Альфаллах. Алайда нәрестенің нақты туған күні белгісіз.
«Мен Аль Пачино мен Нұр Альфаллахтың Роман Пачино есімді ұлдары бар екенін растаймын», - деді басылымға дереккөз.
Айта кету керек, БАҚ Аль Пачиноның сүйіктісі байлық үшін қосылмағанын бірнеше рет атап өтеді, себебі Нұр Альфаллахтың өзі ауқатты отбасынан шыққан: қыздың әкесі - ірі мұнай бизнесі бар миллиардер. Нұрдың өзі өндіріспен айналысады, бұл да оған қомақты табыс әкеледі.
Белгілі болғандай, актердің бұрынғы қарым-қатынасынан үш баласы бар: Яна Тарранттан 33 жастағы Джули Мари және актриса Беверли Д'Анжелодан 22 жастағы егіздер Антон мен Оливия.