Ерлі-зайыптылар Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін.
100 жастағы Берни Литтман мен 102 жастағы Марджори Фитерман Филадельфияда үйленді. Олар Гиннестің рекордтар кітабына ең қарт жұп ретінде енуі мүмкін.
Ерлі-зайыптылар он жыл бұрын қарттар үйінде танысқан. Содан бері олар кездесіп жүрген.
Қартайған жасын ескере отырып, Литтманның отбасы оның қайтадан үйленгісі келетінін ойламады.
«Оның бірге уақыт өткізетін адамды тапқанына бәріміз қуандық. Олар бір-бірін тауып, бір-біріне қолдау көрсетті, әсіресе пандемия кезінде », - деді Литтманның немересі Сара Шичерман.
Ерлі-зайыптыларды қосқан Адам Вольберг де бұл жұптың ерекше екенін мойындады.
«Сіздердің әрқайсысыңыз өмірлік даналық пен тәжірибе жинақтаған тұлғасыздар, бірақ бұл сіздерде жеке көзқарас, сезім мен пікір жоқ дегенді білдірмейді. Менің ойымша, бұл неке сіздердің бір-біріңізді жақсы білетіндігіңізді және түсінетініңізді көрсетеді», - деді ол.
Айта кетейік, Берни мен Марджори бір уақытта Пенсильвания университетінің студенттері болған. Бірақ олар әр факультетте әртүрлі мамандық бойынша білім алып, бірін-бірі танымайтын.
Жас жұбайлардың туыстары шаңырақ көтерген ең қарт жұп атанғандарына сенімді, тіпті Гиннестің рекордтар кітабына тиісті өтінішін де тапсырған.
Ағымдағы рекордты Гиннестің рекордтар кітабының веб-сайтына сәйкес 2015 жылы 13 маусымда үйленгенде жастарының қосындысы 194 жылды құрайтын ағылшындық Дорин мен Джордж Кирбиге тиесілі, алайда рекорд жаңаруы мүмкін. Себебі Фитерман мен Литтманның жастарының қосындысы 202-ден асады.