American Horror Story — Райан Мерфи мен Брэд Фальчук жасаған және режиссерлік еткен американдық қорқынышты антология телехикаясы. Әр маусым әртүрлі кейіпкерлер мен өзіндік сюжеттік желісі бар жеке шағын серия ретінде ойластырылған және кейбір сюжеттік элементтер шынайы оқиғаларға негізделген. Бүгінгі топтамада америкалық хоррордың ең үрейлі 5 кейіпкері туралы айтамыз.
1. Джейсон Вурхиз
Хоррор кинематография тарихындағы ең танымал кейіпкерлердің бірі Джейсон Вухриз “Пятница, 13-е” фильмдер сериясының арқасында жанрдың символына айналды. Алғаш рет франшизаның екінші бөлігінде жарыққа шыққан Джейсон маньяктар мен зұлымдардың арасындағы миллиондаған көрермендер үшін қорқыныш пен үрейдің бейнесі ретінде танылды. Кейіпкердің тарихы Кристалл Лейк лагеріндегі жұмбақ өлімнен басталады. Кек алу жолындағы шексіз қанды қырғын көрерменнің есінде еріксіз жатталады.
Джейсон Вухриз туралы фильмдер оның қорқынышты келбеті және аяусыз өлтірулері арқасында хоррор жанрының жанкүйерлері арасында өте танымал.
2. Фредди Крюгер
Фредди Крюгер - кино тарихындағы ең танымал және қорқынышты кейіпкерлердің бірі. Ол “Кошмар на улице Вязов" фильм сериясының басты зұлым қаһарманы. Үрей бейнесіне айналған Фредди өз құрбандарының түсіне еніп, шабуыл жасай алатын деген ерекше қабілетке ие. Көп ұзамай ол шынайы өмірде де манипуляция жасау арқылы адамдарды өлтіре бастайды. Бұл оны ерекше қауіпті етеді.
Фредди бастапқыда мектепте еден жуушы болып жұмыс істейді. Алайда бала өлтіргені үшін қыстақ тұрғындары оны тірідей өртеп жіберген. Нәтижесінде, ол өзін өртеген адамдардан кек алу үшін олардың балаларын өлтіретін жынға айналады.
Фредди өзінің сұмдық бет-әлпеті мен тұрпаты, шабуыл жасау үшін қолданатын өткір қолғаптарымен ерекшеленеді. Оның садистік юморы мен азаптауға деген сүйіспеншілігі оның мінезін одан сайын қорқынышты етеді.
Фредди Крюгер 1984 жылғы “Кошмар на улице Вязов” фильмінің түпнұсқасынан бастап соңғы рет қайта жарық көрген туындыларға дейін көрермендерді қорқытып, баурап алуды жалғастырып, хоррор жанрдағы ең ықпалды кейіпкерлердің біріне айналды.
3. Майкл Майерс
Майкл Майерс - “Американская история ужасов” тарихындағы ең танымал әрі қорқынышты, адамгершілікке жатпайтын және аяусыз қанішер ретінде бейнеленген. “Хэллоуин” фильмінде ол өзінің туған қаласы Хаддонфилдке әпкесі Лори Стродты іздеу үшін оралады.
Оның мінезі көбінесе өлімнің сөзсіздігі мен зұлымдықтың аяусыздығы мотивін көрсетеді. Майклдың жұмбақтығы мен түсініксіздігі оны көрермен үшін одан сайын қорқынышты етеді. Өйткені оның мотивациялары мен өткені белгісіз күйінде қалады.
Майкл Майерс хоррор жанрының көрнекті тұлғасына айналып, көптеген басқа фильмдерге үлкен әсер етті. Бұл кейіпкер - жанрындағы маниакальды кейіпкерлердің стандартын белгілеген қаһарман.
4. Леди Батори
Леди Элизабет Батори немесе Леди Батори - хоррор тарихтағы ең танымал кейіпкерлердің бірі. Ол XVI ғасырда өмір сүрген венгр ақсүйектері әулетінен.
Леди Батори тарихта көптеген қатыгездіктерге, соның ішінде сериялық кісі өлтіруге қатысы бар аңыз кейіпкері ретінде танымал. Жастық пен сұлулықты сақтау үшін қыздардың қанына шомылу ырым-жырымдарын жасағаны оған тағылған ең танымал айыптардың бірі. Бұл жан түршігерлік әрекеттер оны тарихта ең қаныпезер әйел өлтірушілердің бірі ретінде қалдырды.
Оның қылмыстарының тарихи дәлдігі күмән тудырғанымен, Леди Батори туралы аңыздар хоррор мәдениетінің маңызды бөлігіне айналды. Ол прототип ретінде алынған көптеген кітаптар, фильмдер және басқа да өнер туындылар жарық көрді.
5. Норман Бейтс
Норман Бейтс - хоррор тарихтағы ең есте қаларлық кейіпкерлердің бірі. Ол Альфред Хичкок түсірген «Психо» (1960) фильмінде бейнеленген. Норман - анасымен бірге оқшауланған мотельде тұрып, қарапайым жұмыс істейтін ұялшақ жас жігіт.
Алайда, туындыда көрсетілгендей, Норман зұлым құпияны жасырады. Жігіттің дене бітімінен тыс оның ішінде бірнеше басқа тұлғалар өмір сүретіні белгілі болады. Шығарманың бұл күтпеген соңы Норман Бейтсті кино әлемінде ең қайталанбас және қорқынышты кейіпкерлердің біріне айналдырды, ал оның бейнесі хоррор жанрының классикасы ретінде танылды.
Жансая Тәсібек