"Анаконда" фильмінің түсірілімі басталды


Анаконда — перу режиссері Луис Льоса 1997 жылы түсірген америкалық қорқынышты фильм. Туындының қайта жаңғыруында басты рөлдерді актер Джек Блэк пен Пол Радд сомдайтыны белгілі болды.

Фото: "Анаконда" (1997) фильмінен кадр

Түпнұсқада National Geographic түсіру тобы әлемдегі ең алып жыланды іздеу үшін джунглиге барады. Фильмде Дженнифер Лопес, Джон Войт, Айс Куб және Оуэн Уилсон ойнайды. Триллер күтпеген хитке айналды, кассада 136 миллион доллар табыс тауып, төрт рет жалғасы түсірілді.

Гормикан түсіруді қолға алған жаңа фильмінің сюжеті орта жастағы дағдарысты бастан өткеріп, жас кезіндегі сүйікті фильмі Анаконданы қайта түсіруге шешім қабылдаған достар тобының төңірегінде өрбиді. Дегенмен, олар джунглиде болған кезде, олардың бастарына түсетін мәселелерге мүлдем дайын емес екенін тез түсінеді. Кейіпкерлердің бірі тойдың бейнеоператоры болса, екіншісі полиция сериалына қатысуы арқылы ғана танымал актер.

Жаңа «Анакондада» екі басты кейіпкерді Джек Блэк пен Пол Радд сомдайды деп күтілуде, олар қазір келіссөздер жүргізіп жатыр. Қалған актер құрамы әлі анықталған жоқ. Гормикан сценарийді Кевин Эттенмен бірге жазды.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше