Анти-жүлде үміткерлері тізімінде «Джокер 2» көш бастап тұр

45-ші жыл сайынғы «Алтын таңқурай» (Golden Raspberry) анти-сыйлығына үміткерлер белгілі болды.


«Джокер: безумие на двоих» Фото: Warner Bros. Pictures
«Джокер: безумие на двоих» Фото: Warner Bros. Pictures

«Алтын таңқурай» (Golden Raspberry) немесе «Раззи» (Razzie) — 1981 жылы америкалық Джон Уилсон ойлап тапқан антижүлде. Ең нашар деген жұмыстарға, соның ішінде, сценарий, режиссерлік жұмыс, киносаундтрек және жыл фильмдеріне беріледі. «Оскар» жүлдесіне толықтыру ретінде саналып, «Алтын таңқурайдың» номинанттары мен лауреаттарының есімдері «Оскардың» номинанттары мен лауреаттарының есімдерінен бір күн бұрын жарияланады. Жүлденің атауы ағылшын тіліндегі (to) blow raspberry (tongue) жаргонынан алынған. Мағынасы — біреуді немесе бір нәрсені тілін шығарып келеке ету. Ағылшын тілді ортада бұндай әрекет кең тараған.

Тодд Филлипстің «Джокер» фильмінің жалғасы жеті аталым алып, номинациялар бойынша көш бастады. Алты номинациямен екінші орында Borderlands, Megalopolis, Madam Web және Reagan туындылары тұр. Филлипстің мюзиклінде ойнаған Леди Гага мен Хоакин Феникс сәйкесінше "ең нашар актриса" және "ең нашар актер", сондай-ақ "экрандағы ең нашар жұп" номинацияларына ие болды.

Алтын таңқурай нәтижелері, әдеттегідей, Оскарға бір күн қалғанда - 1 наурызда жарияланады.

Толық тізім төменде берілген. 

Ең нашар фильм

  • «Бордерлендс»
  • «Джокер: Безумие на двоих»
  • «Мадам Паутина»
  • «Мегалополис»
  • «Рейган»

Ең нашар режиссер

  • С. Дж. Кларксон — «Мадам Паутина»
  • Фрэнсис Форд Коппола — «Мегалополис»
  • Илай Рот — «Бордерлендс»
  • Джерри Сайнфелд — «Без глазури»
  • Тодд Филлипс — «Джокер: Безумие на двоих»

Ең нашар актер

  • Джек Блэк — «Дорогой Санта»
  • Деннис Куэйд — «Рейган»
  • Закари Ливай — «Гарольд и волшебный мелок»
  • Джерри Сайнфелд — «Без глазури»
  • Хоакин Феникс — «Джокер: Безумие на двоих»

Ең нашар актриса

  • Кейт Бланшетт — «Бордерлендс»
  • Леди Гага — «Джокер: Безумие на двоих»
  • Брайс Даллас Ховард — «Аргайл: Супершпион»
  • Дакота Джонсон — «Мадам Паутина»
  • Дженнифер Лопес — «Атлас»

Екінші пландағы ең нашар актер

  • Джек Блэк — «Бордерлендс»
  • Джон Войт — «Мегалополис» + «Рейган» + «Страна теней» + «Незнакомцы»
  • Шайа ЛаБаф — «Мегалополис»
  • Тахар Рахим — «Мадам Паутина»
  • Кевин Харт — «Бордерлендс»

Екінші пландағы ең нашар актриса

  • Ариана ДеБоз — «Аргайл: Супершпион» + «Крэйвен-охотник»
  • Лесли Энн Даун — «Рейган»
  • Эмма Робертс — «Мадам Паутина»
  • Эми Шумер — «Без глазури»
  • FKA twigs — «Ворон»

Ең нашар сценарий

  • «Джокер: Безумие на двоих»
  • «Крэйвен-охотник»
  • «Мадам Паутина»
  • «Мегалополис»
  • «Рейган»

Ең нашар ремейк

  • «Ворон»
  • «Джокер: Безумие на двоих»
  • «Крэйвен-охотник»
  • «Муфаса: Король Лев»
  • «Мятежная Луна 2: Дарующая шрамы»
Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше