Ғарышта зақымданған кеме ішінде үш ғарышкер болған


NASA SpaceX-тен Халықаралық ғарыш станциясында зақымданған ресейлік «Союз» ғарыш кемесіндегі астронавттарды құтқаруды сұрады.

Бұған дейін 14 желтоқсанда ресейлік «Союз» ғарыш кемесі зақымданғандықтан салқындатқыш сұйықтық ағып кеткен. Ол кезде бортта үш астронавт болған - бір американдық және екі ресейлік, олар ХҒС-қа қыркүйекте алты айлық миссияны орындау үшін келген екен.

Қазір олар ХҒС-қа қондырылған зақымдалған «Союз» капсуласында. Ғарышкерлер кемеде температурасы көтерілмеуі үшін станцияға баратын люкті ашық ұстайды. Ресейлік ғарыш бағдарламаларының басшысы Сергей Крикалев егер станцияға баратын люк жабылса, капсуладағы температура тез көтерілетінін айтты.

Тағы бір кеме ХҒС-қа қондырылды - SpaceX-тің Crew Dragon. Ондағы станцияға тағы төрт ғарышкер ұшты. NASA SpaceX-тен «Союз» экипажын Жерге қайтаруды сұрайды. Бірақ мәселе кемеде төрт-ақ орын бар. Сондай-ақ Роскосмос үш ғарышкерді қалай құтқару жағын қарастырып жатқандарын айтты. Олардан кейін тағы бір «Союз» жіберу жоспарланған болатын. Бірақ соңғы шешім қаңтарға қалдырылды.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше