Астана су қоймасында бір отбасы суға батып кетті


Отбасы суға түсуге тыйым салынған жерде демалып жатқан.

Фото: ашық дереккөзден

Астана су қоймасында қайғылы оқиға болды: Ақмола облысындағы Арнасай ауылынан екі шақырым жерде төрт адамнан тұратын отбасы қаза тапты.

Құтқарушылардың айтуынша, отбасының екі мүшесі 1980 жылы туған әйел мен 2001 жылы туған қызды оқиға куәгерлері тауып алып, судан шығарған.

Ақмола облысы және Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы 1977 және 2000 жылы туған екі ер адамды іздеуді жалғастыруда.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше