«AYBA-Жанұя» қаржы пирамидасының ісі тергелуде


Шымкент қаласы бойынша AFM департаментінің мәліметінше, компанияның азаматтарға баспана алуға көмектесуге уәде бергені анықталды.

"Әлеуметтік желілерде сипатталған шарттар бойынша салымшы 5 мың теңге салып, одан кейін бес немесе одан да көп адамды тартуы керек. Адамдарды тартқаннан кейін салымшыға салған сома қайтарылады және сыйлық ретінде салымшыға пәтер немесе 10 миллион теңге уәде етілген», - делінген хабарламада.

Басқарма қаржылық (инвестициялық) пирамидалық схемаларды құру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бойынша қылмыстық жауапкершілікті көздейтінін еске салды.

Қазақстандықтарды қырағы болуға және қысқа мерзімде артық пайда табу туралы күмәнді ұсыныстардан аулақ болуға шақырды.

«АЙБА-Жанұя» қаржы пирамидасының құрбаны болғандардың барлығынан 8 (7172) 708-478, 8 (7252) 77-14-48, 8-778-628-51-16 сенім телефондарына хабарласуын сұраймыз.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше