Ұлттық қауіпсіздік комитеті азаматтары Қазақстанға жиі келетін елдерді атады.
Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 1 қаңтары мен 10 мамыры аралығында Қазақстан аумағына келесі мемлекеттерден осынша азаматтар кірген:
- Өзбекстан Республикасы – 1 598 656 адам;
- Қырғыз Республикасы – 1 015 553 адам;
- Ресей Федерациясы – 854 937 адам;
- Тәжікстан Республикасы – 332 177 адам;
- Беларусь Республикасы – 47 342 адам;
- Әзірбайжан Республикасы – 30 550 адам;
- Түрікменстан – 9671 адам;
- Украина – 9018 адам;
- Армения Республикасы – 5194 адам;
- Молдова Республикасы – 3059 адам.
2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жазбалардың орта есеппен 6,5 пайызға өскені байқалады. Шетелдіктердің айтуынша, олар Қазақстанға жеке көлік жүргізушісі ретінде немесе транзитпен кіреді.