Қазақстан АҚШ-қа тікелей әуе рейсін ашуды жоспарлап отыр


Алдағы екі жылда АҚШ-қа тікелей рейстер ашылады.

Сурет ашық дереккөзден

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Тимур Тілеген мәлімдеді.

Ол АҚШ авиациялық билігімен бірлесе отырып, тікелей рейстерді ашу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Білесіз бе, Америка Құрама Штаттарында өте қатал, жоғары ұшу талаптары бар. Қазір авиация әкімшілігімен бірлесіп, бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Біз бұл рейстерді 2025 жылға қарай іске қосуды жоспарлап отырмыз,"- деп қосты төраға орынбасары.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше