Шахтадан жұмысшының мәйіті табылды


Бұл туралы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ хабарлама жасады.

"2022 жылдың 6 қарашасында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаменті Қазақстан шахтасының аумағынан Көмір департаменті бөлімшелерінің бірінің қызметкерінің мәйіті табылды. Оқиға кезінде қызметкер кезекшілікте болмаған,"- делінген хабарламада.

Еске салайық, 3 қарашаға қараған түні Қарағанды ​​облысының Шахтинск қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» шахталарының бірінде төтенше жағдай орын алған болатын. Газ дренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде кенеттен газ шығып, соның салдарынан төрт жұмысшы қаза тапты. Таңертең бесінші жұмысшының денесі табылды.

Оқиға салдарынан төрт кенші зардап шекті, олар ауруханаға жатқызылды. Алдын ала диагноз – метаннан улану. Екі кенші Қарағандыдағы Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың токсикологиялық бөліміне жатқызылды. Уланғаннан бөлек, әртүрлі ауырлықтағы жарақат алған тағы екі адам Шахтинск ауруханасында жатыр.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше