Келісім күшіне енген жоқ, бұл жалған ақпарат.
Қазақстан Қытаймен визасыз режим алудың барлық ішкі рәсімдерін аяқтады. Енді Қытай елінен жауап алу қалды.
Бұл туралы Астанада өткен брифингте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.
"Қазіргі уақытта қазақстандық тарап барлық мемлекетішілік рәсімдерді аяқтап, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 шілдедегі қаулысымен осы келісімді бекітті. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 28 шілдесінде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ҚХР Сыртқы істер министрлігіне тиісті хабарлама жолдады. Қазір біз Қытай тарапынан ішкі рәсімдердің аяқталғаны туралы тиісті хабарламаны күтіп отырмыз», - деді спикер.
Айбек Смадияров кейбір қазақстандық БАҚ "визасыз режим күшіне енді" деп қателескенін атап өтті. Алайда бұл жалған ақпарат.