Қазақстанның бірінші ракеткасы бес ойын қатарынан жеңіске жетті


Қазақстандық спортшы WTA турнирінің жартылай финалына шықты.

Дереккөз

Уимблдон 2022 чемпионы, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Дохада (Катар) өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ширек финалдық кездесуде қазақстандық ару US Open 2021 финалисті, Канада өкілі Лейла Фернандесті (әлемнің 38-ші ракеткасы) 6:4, 6:2 есебімен ұтты.

Бірінші сетте Елена жеңіліп қалды - 1:4, бірақ 6:4 есебімен жарысты жеңіспен аяқтады. Қазақстанның бірінші ракеткасы бес ойын қатарынан жеңіске жетті.

Теннисшілердің кездесуі 1 сағат 34 минутқа созылды.

Дохадағы турнирдің финалына шығу үшін Рыбакина French Open 2021 финалисті ресейлік теннисші Анастасия Павлюченковамен күш сынасады.

Жартылай финалға шыққаны үшін Рыбакина 158 944 доллар (71 миллион теңге) көлемінде ақшалай сыйлық пен 390 рейтингтік ұпай алды.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше