Бақытгүл Хаменова сотта соңғы сөзін айтты


Бүгін №2 Атырау қалалық сотында облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова өзін ақтауды сұрады.

Бірінші болып пара берді деген күдікке ілінген «Балқыту» ЖШС басшысы Өміртай Адамов сөз алды. Ол соттан жазасын айыппұлмен немесе жазасын колония-қоныста өтеумен жеңілдетуді сұрады. Сотталушы мүгедек ұлдары мен саңырау-мылқау келіндері бар екенін айтып, соттан оның зейнеткерлік жасын да ескеруді сұрады.

Бақытгүл Хаменова өзінің кінәсіз екенін және оның ісін Антикор қызметкерлері ойдан шығарғанын айтты.

"Сотталушы Рысқалиев пен Адамовтың кінәсі дәлелденді. Оларда қылмыстың жәй-жапсарын жасырмай айтып, кінәларын мойындады. Сондықтан менің бұл іске қатысым болмағаны анық. Мемлекеттік айыптаушы, оны көрмеген немесе өзінің қылмыстық кемшіліктерін мойындағысы келмеген. Менің айғақтарым бойынша сот Рысқалиев пен Адамовқа жеке қаулы шығаруы керек, және нәтижесінде осы қылмыстық істі ойдан шығарғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалуы тиіс. Мені ақтауды сұраймын. Мен қылмыскер емеспін және кінәсіздігімді дәлелдеу үшін соңына дейін барамын", – деді Хаменова.

Экс-шенеуніктің айтуынша, прокурор шындық пен әділеттілікті жақтамайды.

Айта кетейік, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікке ілініп, қамауға алынды. Кейін Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешім шығарды. Хаменовамен бірге облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев те ұсталды.

Бұған дейін прокурор Лаура Асанова Бақытгүл Хаменованы мүлкін тәркілеп, жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Айыптаушы тарап осыншама соманы облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевке тағайындауды сұрайды. Ал пара берді деген күдікке ілінген жеке компания басшысын прокурор төрт жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевке және «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамовқа қатысты сот процесі 11 тамызда басталды.

Бақытгүл Хаменова алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамнан пара алды деп айыпталуда. Сол баппен Ақылбек Рысқалиев өтеді. Үшінші айыпталушы Өміртай Адамов мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаға ірі көлемде пара берді деп айыпталуда. Әңгіме Атырауда Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасасу үшін 4,5 миллион теңгені құрайтыны туралы болып отыр.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше