Жұртшылыққа Баста лақап атымен танымал Василий Вакуленко қазақстандық рэп орындаушы Әділ Жәлеловтың ішімдікке салынғанын айтты.
YouTube-тегі «Сұрақ қырлы» шоуында ресейлік рэпер әріптесі Скриптониттің жағымды және жағымсыз қасиеттерін атады.
Сұхбат барысында Баста Скриптониттің ішуді жақсы көретінін айтты. Баста досының денсаулығына алаңдайтынын мойындады.
«Мені шынымен тітіркендіретін нәрсе - алкоголь. Жарасы бар болса да ішетіні мені ренжітеді», – дейді Баста.
Оның айтуынша, Қазақстандағы концерттердің бірінде Әділдің өзі денсаулығында ақау бар екенін мойындаған. Бірақ ол ішімдікті тастағысы келмейді.
«Скриптонит – нағыз жігіт, тамаша музыкант, өз ісінің шебері. Арақ ішуді тоқтатса екен. Мен мұны оның денсаулығына алаңдағандықтан айтып отырмын», - деп түйіндеді Баста.