Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев Қазақстанның алкоголь нарығы Болат Назарбаевтың қолында екенін айтты.
Оның айтуынша, мемлекет өнімнің бұл түріне жасалған кейбір индульгенциялар осы жағдайға байланысты.
«Біз аяқ киім мен басқа да тауарларды міндетті түрде таңбалауды енгіздік, бірақ үкімет көлеңкелі нарықта ең үлкен үлеске ие алкогольді таңбалаудан бас тартты. Ескі Қазақстанда алкоголь нарығы Болат Назарбаевтың қолында болғанын білесіздер. Сондықтан да оларға тиіспей, қарапайым кәсіпкерлерден қосымша төлем талап еткен шығар?», - деп сұрайды ол.
Оның айтуынша, таңбалау аяқ киім бағасының орта есеппен 20-30%-ға өсуіне әкеледі. Бұл ең алдымен халықтың әлеуметтік осал топтарына әсер етеді.
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге жолдаған сауалында депутат Ержан Бейсенбаев ЕАЭО аясында тауарларды міндетті түрде таңбалауды тиімсіз, оның үстіне ел экономикасына зиян деп тану керектігін айтты.