Бопсалау және жалған құжаттар: блогер Әбиев қамауға алынды


Ол туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзін сыбайлас жемқорлықпен күресуші ретінде көрсетіп, бопсалаумен айналысқан блогер Тоқберген Әбиевке қатысты тергеу жүргізуде.

Біріншіден, Әбиев БАҚ-та ар-намысына тиетін ақпарат таратамын деп қорқытып, бизнесменнен ірі көлемде ақша бопсалады және YouTube-тегі арнасындағы «шындыққа жатпайтын видео жарияланымдарды» таратты деген күдікке ілінді.

2022 жылы 14 желтоқсанда Әбиев 50 миллион теңгені алғаннан кейін ұсталып, сот шешімімен екі айға қамауға алынды.

Екіншіден, тергеу Тоқберген Әбиевтің мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтарды адастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті» ЖШС жеке заңды тұлғаны тіркегенін көрсетті.

Әбиев өзін осы ұйымның басшысы ретінде көрсетіп, сол арқылы билік өкілінің имиджін қалыптастырып, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан оның жеке мүддесіне әрекет етуді, сондай-ақ заңға қайшы келетін ақпарат пен материалдарды беруді талап етті. Тек қана пайдакүнемдік мақсатпен Әбиев жеке тұлғаларға ақшалай сыйақы беру үшін өз ұйымының қызметкерінің ресми куәліктерін беріп, оларға берілген мыс билік өкілінің мәртебесі туралы жаңылыстырған, - деп түсіндірді Антикорда.

Негізі Әбиевтің іс-әрекетінің құқық қорғау органдарының жұмысына еш қатысы жоқ.

Үшіншіден, Anticor блогердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпаратты тексереді.

Ұсталған азаматтың заңсыз әрекетіне тап болғандардан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 нөміріне хабарласуын сұраймыз.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды, - деп түйіндеді Антикорда.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше