Британ билігі туристерді шұғыл түрде елден кетуге шақырды


Мексикадағы ұлттық сайлауға байланысты туристерді шұғыл түрде елден кетіп, үйлеріне қайтуға шақырды.

Фото: pexels

Елде саяси шерулер көбейіп, билік өкілдері арасында жанжалдардың орын алып жатқаны белгілі. Британ билігі саяси толқулар мен зорлық-зомбылыққа әкелуі мүмкін алдағы ұлттық сайлауға байланысты ескерту жасады.

"Саяси шерулердің көбеюі және жол тосқауылдары немесе бәсекелестер арасындағы қақтығыстардан саяхатыңыз бұзылуы мүмкін. Демонстрациялардан аулақ болыңыз және олар орын алса, дереу кетіңіз", - деп шақырды Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі.

Оның үстіне туристерді демонстрацияларға қатыспауға шақырады. Шетелдіктер Мексикадағы саяси әрекеттерге қатысты деген айыппен қамауға алынуы мүмкін.

Бұл ескерту Мексикада тоғыз адам қаза тауып, 50 адам жараланған оқиғадан кейін жарияланды. Көпшілік диверсияға күдіктенеді, бірақ Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор Сан-Педро-Гарса-Гарсия қаласындағы төтенше жағдайға желдің екпіні себеп болғанын айтты.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше