Бурабайда таудан құлап көз жұмды


Қайғылы оқиға 11 маусымда болған.

Сурет ашық дереккөзден

Бурабайда Бөлектау тауынан құлап кеткен әйел басын тасқа соғып, бірден көз жұмды.

Ақмола облысы ДПД мәліметінше, жол апаты 11 маусымда болған. Алдын ала анықталғандай, марқұм отбасымен бірге Астанадан Бурабайға бір күн бұрын келген.

"Бөлектау тауының шолу алаңына көтерілу кезінде әйел суретке түскісі келген, бірақ ол 15 метр биіктіктен құлап, тасқа соғылған», - деп хабарлады полиция.

Әйелдің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше