Чилидегі толассыз орман өртінен қаза тапқандар саны 51-ге жетті


Тағы 200-ге жуық адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Елдің әр түкпірінде 92-ге жуық белсенді өрт тіркелді, деді Ішкі істер министрі. Өрт 43 мың гектардан астам жерді шарпыған. Әсіресе, Сантьягодан 120 шақырым жерде орналасқан Вина-дель-Мар курорттық қаласы қатты зардап шекті.

Президенттің айтуынша, Қорғаныс министрлігі барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз етіп, зардап шеккен аудандарға көбірек әскери бөлімдер орналастырады. Елде төтенше жағдай жарияланды.

"Өрт өте тез таралуда. Жоғары температура, қатты жел, төмен ылғалдылық өртпен күресуді қиындатады. Сондықтан эвакуация туралы хабарлама келіп, өрт алыс деп ойласаңыз, олай емес. Дереу эвакуациялаңыз. Біз халқымыздың өмірін сақтап қалғымыз келеді", - деді Габриэль Борич, Чили президенті.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше