Дүниедегі ең ақылды 10 адам


Бүгін біз сізге әлемдегі ең ақылды адамдар тізімін ұсынамыз.

Гарри Каспаров, сурет ашық дереккөзден

Ақыл, әрине, салыстырмалы ұғым және ақыл мен интеллект бірдей емес. Оның үстіне, соңғы онжылдықтарда ғалымдар ақыл-ой қабілеттері мен эмоционалдық интеллект, яғни эмпатия және басқаны түсіну қабілеті ұғымдарын бөлуді ұсынды. Жаһандық әлемде әсіресе маңызды болып табылатын EQ, яғни, эмоционалдық интеллект. Дегенмен, бұқаралық санада ақыл әлі де IQ деңгейімен, яғни интеллектуалдық дамумен теңестіріледі. Біз сізге әлемдегі ең ақылды адамдардың рейтингін ұсынамыз.

Григорий Перельман, математик

2003 жылы ресейлік математик Григорий Перельман Пуанкер гипотезасын дәлелдеп шықты. Әлемнің ең ақылды адамдарының бірі саналатын Перельман 2002 және 2003 жылдары теореманың екі дәлелін жариялады. Бір таң қаларлығы, атақты математиктерден құралған топ Перелманның дәлелін тек 2010 жылы ғана тексеріп шыға алды. Айта кетсек, аталған гипотеза – әлемнің ең қиын жеті есептерінің бірі болып саналады. 

Осы жеті есептің кез келген біреуін дәлелдеген жағдайда 1 миллион доллар көлемінде сыйақы мен Филдс медалі (математикадағы Нобель сыйлығы секілді) беріледі. Алайда, Перельманға сыйлықты ұсынған кезде, математик одан бас тартты.

Стивен Хокинг, физик

Заманымыздың ең атақты ағылшын физик-теоретигі Стивен Уилиам Хокинг 77 жасында қайтыс болды. Ғалым әлемнің ең басты жұмбақтарын шешуде көптеген жаңалық ашқан. 

1942 жылы Ұлыбританияның Оксфорд қаласында дүниеге келген. 1962 жылы ол Оксфорд университетінен математика мен физика бойынша бакалавр дәрежесін алып шықты, ал төрт жылдан кейін Кембридж университетінің Тринити-холл колледжінде философия докторы дәрежесін алды. 

Меңдеген ауыр дертіне қарамастан, ол жұмысын жалғастыра береді. Бірнеше танымал кітаптар жазып, физикалық маңызды жаңалықтарды ашты. Стивен Хокинг - танымал мәдениеттің маңызды тұлғасы.

Джон Сунуну, Америкалық республикашыл саясаткер

Джон Сунуну ең жақсы университеттердің бірі - Массачусетс технологиялық институтында (MIT) оқыған және IQ 180 баллды құрайды. Бірақ ол өмірін ғылыммен байланыстырмай, саясатқа арнады. 1980 жылдардың аяғында ол алдымен Нью-Гэмпшир штатының губернаторы, содан кейін президент Джордж Буштың аппарат басшысы болды. Джон Сунуну – әлемдегі ең ақылды саясаткер ретінде танымал.

Джеймс Вудс, актер

Джеймс Вудс ресейлік көрерменге «Однажды в Америке» және София Копполаның «Девственницы-Сомоубицы» фильмдеріндегі рөлдері арқылы танымал. Алайда, ол алғашында актер болғысы келмеген. Оның IQ деңгейі 180, ол MIT-ге саясаттану мамандығы бойынша оқуға түседі, бірақ 1969 жылы оқуын тастап, актер болу үшін Нью-Йоркке көшті.

Джеймс Вудс – әлемдегі ең ақылды актер.

Гарри Каспаров, атақты шахматшы (және оппозициялық саясаткер)

22 жасында отандасы Анатолий Карповты жеңіп, шахматтан әлем чемпионы атанды. Айта кету керек, Гарри Каспаров, сөзсіз, өте ақылды (оның IQ көрсеткіші - 190) және ол мұны компьютермен шахмат ойынында бірнеше рет дәлелдеді. 1989 жылдан бастап ол ұрпақтан-ұрпаққа жететін ақылды машиналармен ойнады. Кейін Гарри Каспаров шахматты тастап, саясатқа кетті.

Ричард Роснер, сценарист және продюсер

Ричард Роснердің IQ көрсеткіші 190-192 ұпай. Сонымен бірге ол «экцентрик». Мысалы, ол бір сұхбатында өзінің жас кезінде клубта серуенші, стриптизші болып жұмыс істегенін, жалаңаш суретке түскенін және тіпті даяшы болғанын айтуды ұнатады. Сонымен қатар, ол бірде "Кім миллионер болғысы келеді" шоуында сұрақтарда қате тапқаны үшін арнаны сотқа берген. Ричард Роснер - ақылды адам, бірақ тым эксцентрик.

Эвангелос Катсиулис, грек дәрігері

Эвангелос Кациулистің IQ деңгейі қарапайым емес. Әртүрлі бағалаулар бойынша 198-ден 205 баллға дейін жетеді. Негізгі медициналық қызметтен басқа ол интеллекі деңгейі жоғары адамдарды біріктіретін бірнеше қауымдастықтар құрды. Эвангелос Кациулис – әлемдегі ең ақылды дәрігер саналады.

Ким Ун Ён, корейлік вундеркинд

Ким Ун Ён 4 жасында ересектерге арналған күрделі есептерді шығара алған және бірнеше тілді білген. 8 жасында Колорадодағы Америка университетіне шақырылды. Оқуын бітіріп, еліне оралып, ұлттық университетте қызмет етті. Оның IQ деңгейі 210 болып саналады және Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. Корей вундеркинді Ким Ун Ён ерте зейнетке шықты, себебі ол ғылыми жұмыстан үзіліс алғысы келді.

Кристофер Хирата, Америкадан шыққан жапондық астрофизик

Кристофер Хиратаның IQ көрсеткіші 225. Ол 14 жасында Калифорния технологиялық институтына оқуға түсіп, жұмысқа шақырылды. 16 жасында NASA-да, ал 22 жасында ол ғылым докторы атанды. Оның ғылыми қызығушылықтары гравитациялық линзалар мен қараңғы энергияны қамтиды. Кристофер Хирата - қазіргі кезде Калифорния технологиялық институтында астрофизикадан сабақ беретін данышпан.

Мэрилин Савант, американдық жазушы және журналист

Америкалық жазушы және журналист Мэри Савант әлемдегі IQ деңгейі ең жоғары әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. Оның IQ деңгейі 228-ге тең. Мэрилин Савант ең алғаш рет 10 жасында  сынақ тапсырып,нәтижесінде бірден 228  секілді жоғары көрсеткішке ие болған.Ең қызық деректін бірі- оның тегі "Савант" француз тілінен «данышпан» деген мағынаны білдіреді екен.

Теренс Тао, математик

Теренс Тао Калифорния университетінде Ph.D дәрежесін алған 20 жасынан бастап жұмыс істейді. Оның IQ – 230. Дао – математик, ол 31 жасында Филдс сыйлығын (математиктерге арналған Нобель сыйлығының аналогы) алған. Нақты қарқынды ғылыми зерттеулерден басқа, Теренс Тао ғылымды танымал етумен айналысатын жеке блогын жүргізеді. Теренс Тао - әлемдегі ең ақылды адамдардың бірі.

«Адам бойындағы ең тамаша нәрсе-білім мен ақыл», - Жүсіп Баласағұни.

Бұл дүниеде ақылдан асар ешқандай байлық жоқ. Бүгінгі таңда, білімді жандардың арқасында ғана дамыған заманда өмір сүріп жатқанымыз рас. Қуанышқа орай, жыл сайын бірінен-бірі асып түсер данышпандар саны ұлғаюда.