27 қарашада Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ қолдауымен түсірілген Димаш Құдайбергеннің жаңа клипі жарыққа шықты.
Достар, ерекше ықыласпен және зор қуанышпен бүгін мен сіздерге сағат 10:00 де YouTube-тағы парақшамда “Киелі мекен” әніне бейнебаянды ұсынамын. Жаңа музыкалық жұмыс менің Отанымның таңғажайып көркемдігіне арналған! Бейнебаянда біз Қазақстанның бірегей табиғи ландшафттары мен бай мәдениетін паш етуге тырыстық. Мен Қазақстан әлемнің түкпір-түкпіріндегі туристердің тартылатын орталығына айналатынына сенімдімін. Клип жайлы өз әсерлеріңізбен бөлісіңіздер және айналамызда әсемдік көп екенін ұмытпаңыздар!,- деп жазды Димаш Instagram парақшасында.
Бейнебаянның премьерасы Алматыда Қытайдағы Қазақстанның туризм жылының жабылуына арналған Форумда өтті.