Досыңмен бизнес бастамауға 5 себеп


Көпшілігіміздің басымызда досымызбен бірге бірнеше ай немесе бір жылда миллионер болатын бизнес-жоспар пісіп жатады, бірақ шындығында солай ма? Біз сізге достарыңызбен бизнес ашпаудың 5 себебін ұсынамыз.

Фото: pixabay

1. Өмірде - достар. Бизнесте - серіктестер

Өмірде де, бизнесте де ешкім ренжігісі келмейді. Сіздің досыңыз сізге көмек көрсеткенде немесе ол сұрағанда, сіз құтқаруға барасыз. Бизнесте бәрі басқаша. Топ мүшелері арасында жауапкершілік бөлінеді, олар нақты және уақытында орындалуы керек. Бұл жағдайда жұмыс кезінде қиындықтарды жеңуге көмектесу әрқашан мүмкін болмайды, жанжалды жағдайлар туындайды және сіздің достығыңыз бұл жағдайдан дұрыс шығуға кедергі жасайды. Сіз оның бойынан, біріншіден, ренжіткіңіз келмейтін жақын адамды көресіз.

2. Мәселесіз бизнес болмайды

Алғашында, жоспар құрып жатқанда, бизнес сәтсіздікке ұшыраса не болады деп ешкім ойламайды? Бірге бизнес бастаған достар келе жатқан сәтсіздіктің қиын кезеңінен өту өте қиын. Олар бір-біріне қысым көрсетіп, бірін бірі максималды түрде жұмыс істеуге мәжбүрлеуге батылдары жетпеуі мүмкін. Нәтижесінде достық та, бизнес те құрдымға кетеді.

3. Өзіндік маңыздылық сезімі

Сіз немесе сіздің серіктесіңіз жұмыстың көп бөлігін өзі істеп жатқандай сезінеді. Жоспарлау кезеңінде сіз тең табысқа келістіңіз делік, бірақ сіз бәрін өзгерткіңіз келеді. Уақыт өте келе реніш жиналып, жаңа қақтығыстарға әкеледі. Бұл бизнесті достарыңызбен бөліспеудің үшінші себебі.

4. Ешкім жұмыс істегісі келмейді

Жұмысқа ерте келуге құлшынысыңыз жоқ, серіктесіңізден сіз үшін бір нәрсе жасауды сұрайсыз. Бұл қайта-қайта орын алуы мүмкін. Нәтижесінде, сіз де, серіктесіңіз де өз міндеттерін орындай алмай, ортақ бизнес құлдырап, азырақ пайда әкеледі.

5. Бір-бірінен шаршау

Бұрын сіз бір-біріңізді демалыс немесе мереке күндері ғана көретінсіз. Сіздерде талқыланатын көптеген тақырыптар жиналып қалатын. Енді бір-біріңізді күнде көріп, қарым-қатынастан шаршап, бір-біріңізден тітіркенуді сезіне бастайсыз. Бұл сіздің іскерлік қарым-қатынасыңызға тікелей әсер етеді және достығыңызға зиян тигізеді.

Досыңызбен бизнеске кіріспес бұрын өзіңізге осы 6 сұрақты қойыңыз:

  1. Сіз досыңызға қаншалықты сенесіз?
  2. Сіздің серіктесіңіз бренд имиджіне қандай үлес қосады?
  3. Сіздің досыңызда сізде жоқ маңызды дағдылар мен артықшылық бар ма?
  4. Досыңның өмірінде барлығы тұрақты ма?
  5. Сіз жағымсыз сценарийге дайынсыз ба?
  6. Оған жетекшілік ету маңызды ма? Қажет кезде ол сізге бағына ала ма?

Әрине, достыққа негізделген компаниялардың мысалдары бар, бірақ бұл әдетте жүзден бір жағдай. Көбінесе достармен бизнес жанжалға айналады. Сондықтан достарыңызбен бизнесті бастамас бұрын 100 рет ойланыңыз дегіміз келеді.

Ақерке Дүйсенбай

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше