Тодд Филлипстің «Джокер: Безумие на двоих» фильмі алдын ала көрсетілімдерден 7 миллион доллар жинады, бұл бес жыл бұрынғы Джокер табысының жартысынан да аз.
Фильм АҚШ-тағы алғашқы демалыс күндерінде 50-60 миллион доллар жинайды деп күтілуде. Бірінші бөлімде жүз миллионға жуық қаражат жиналды.
Тодд Филлипстің «Джокер» сериясының премьерасы қыркүйекте Венецияда өтті. Фильм психиатриялық емханада танысқан Джокер (Хоакин Феникс) мен Харлин Кинзелдің (Леди Гага) арасындағы романтика туралы баяндайды. Сыншылар фильмді төмен бағалады, ал режиссер оның жалғасын жасамайтынын айтты. 2019 жылы бірінші Джокер көрермендерге қатты ұнап, кассадан миллиард доллардан астам табыс жинады, ал басты рөлді сомдаған Феникс рөлі үшін Оскар силығын алған еді.
Сонымен қатар, CinemaScore сайтында жаңа «Джокер» өте төмен аудиториялық рейтингке ие болды. Туынды сыншылардан әртүрлі және теріс пікірлер алды. BBC-ден Николас Барбер фильмді 5-тен 2 жұлдызға бағалап, оны қызықсыз, ерекшелігі жоқ, қажетсіз фильм деп атады. The Guardian-дан Питер Брэдшоу фильмге 5 жұлдыздың 3-ін берді және сюжеттік құрылым Леди Гага кейіпкерінің көп дамуына мүмкіндік бермегенін айтты, ал IndieWire-ден Дэвид Эрлих Джокердің жалғасы қызықсыз және бір сарынды екенін жазды, бұл фильм Леди Гага талантының кешірілмес ысырап екенін атап өтті.
Қазір Қазақстан кинотеатрларында да «Джокер: Безумие на двоих» фильмі прокатка шықты. Әзірге көрермендердің пікірін бағалау қиын, дегенмен фильмді көруге кеңес береміз.