ЕАЭО елдері бірқатар келісімдерге қол қойды


ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі Ереванға жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысқанын хабарлады.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда-саттығы осы жылдың 8 айында $17 млрд-тан асты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артық.

"Техникалық және технологиялық талаптар, жергілікті жағдай, тіпті географиялық шектеулер – серіктес елдердің мемлекеттік сатып алуларына қатысу кезінде кәсіпорындардың алдынан шығатын кедергілердің толық тізімі бұлар ғана емес", – деді Смайылов.

Премьер-министр ЕАЭО елдерін көлік құралы паспортының бірыңғай формаларын енгізу және электрондық паспорттар жүйесін ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жеделдетуге, сондай-ақ Одақтың ортақ нарығының тиімділігіне тікелей әсер ететін техникалық регламенттерді өзектендіруге шақырды.

Ереванға жұмыс сапары аясында Премьер-Министр ЕАЭО елдері Үкімет басшыларының Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен бірлескен кездесуіне де қатысты.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше