Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жеңу саны бойынша Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) маусымының көшбасшысы атанды.
Қазақстанның төртінші ракеткасы барлық қарсыластарынан, оның ішінде Польшаның бірінші ракеткасы Ига Швятектен де алда болды.
6:0/6:1 есебімен ең көп сеттерді жеңген WTA ойыншылары (2024):
- Елена Рыбакина (Қазақстан) - 10.
- Ига Швятек (Польша) – 9.
- Кори Гауфф (АҚШ) – 8.
- Арина Сабаленко (Беларусь) – 8.
- Мирра Андреева (Ресей) – 5.
- Элизабетта Коккиаретто (Италия) – 5.
- Елена Остапенко (Латвия) – 5.
- Аранча Рус (Нидерланды) – 5.
- Донна Векич (Хорватия) – 5.
Твиттердегі TennisBakery аккаунты құрастырған рейтинг.
Айта кетейік, Елена Рыбакина Дохада (Катар) өткен турнирдің 1/8 финалында америкалық Эмма Наваррадан (6:1; 6:7; 6:4) басым түсті.
Бұған дейін Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакинаның Майамиде (АҚШ) өтетін WTA 1000 турнирінде чемпиондық атағын қорғайтыны белгілі болған еді.