Үлкен думан болған жоқ, оларды туыстары үйінде гүлдермен қарсы алды.
Танымал әнші Ерке Есмахан мен жары Райымбек Батыргереев перзентханадан ұлымен оралды.
«Сәлем достар. Біз қазірдің өзінде үйдеміз, қазір жағдай дәл суреттегідей. Әлеуметтік желі әлемінен сәл алшақтап кетуге кеңес берген үлкендердің сөзін тыңдадым. Ешкім: «Бұл Ерке жаңа ғана босанып, барлық жерде белсенді» деп айтпауы үшін. Барлығын ертең айтамын. Мені іздеп жүргендерге рахмет. Бізде бәрі керемет, Құдайға шүкір», – деп жазды өнер иесі.