Бұл туралы әуе компаниясы өзінің Telegram-каналында жазды.
Осыған байланысты Түркістаннан Ыстамбұлға ұшуы тиіс рейс кейінге шегерілді. Себебі, төтенше жағдайдан кейін тексеру жүргізу қажет, дейді әуе тасымалдаушысы.
Біз рейстердің кешігуіне және тоқтатылуына жол бермеу үшін барлық шараларды қолданамыз, бірақ кейбір жағдайлар біздің бақылауымыздан тыс. Бұл жағдайда рейстің кешігу себебі кінәсі емес және әуе компаниясының бақылауынан тыс болды. Түркістаннан 19, 23 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де ұшып шығу жоспарланған, делінген хабарламада.