Фурманов тұйығы

Максим Мунтаниол, 47 жаста, Алматы; Аида Таирова, 36 жаста, Алматы


tupik-furmanova-music-band-image
Фото: Иван Першин

А.: Алматы десе қала тұрғындары мен қонақтарының ойына ең алдымен таулар оралады. Бастапқыда атауымызды «Фурманов шыңы» қыламыз дедік, бірақ бізде әндер тым меланхолияға толы, бәрі сондай тұңғиық — сөйтіп: «Фурманов тұйығы!» деп шештік. Оның үстіне тағы бір астары бар: кез келген тұйықтан шығатын жол табылып, сол жол сені шыңға көтеруі мүмкін.

А.: Біз — Қазақстанның жаңа толқынымыз. Өзін-өзі жариялаған. Біздің негізіміз — әйел вокалы бар постпанк. Бұлай ешкім істемеген сияқты, сол себепті өзімізге жаңа жанр ойлап таптық.

А.: Еуропа — бұл мойындалудың өлшемі. М.: Барлық ән мәтіндері өмірден алынған. Егер оны өзің бастан өткермесең, саған ешкім сенбейді деп есептеймін.

М.: Аранжировкаларымызда синтезаторлар көп, бұл жанрға тән емес. Сондықтан тобымызды постпанк-топ деп атамас едім.

М.: Музыка уытты, ұранды сөздік панчсыз өмір сүре алмайды, дәл сол сияқты мәтіндер де музыкасыз өмір сүре алмайды.

М.: Музыкамыздың депрессивті көңіл күйіне қарамастан, адамдар билейді, шыңғырады, айқайлайды.

М.: Айда екеуміздің алғашқы жалдамалы пәтеріміз Гоголь — Муратбаев қиылысында болды, ал мына хрущевкалар — тура менікі. Тіпті шабыт керек болғанда да Төле би бойымен, ары Саинға дейін барамын, сол сұр үйлердің арасында жай ғана серуендеп, оларға қараймын; әсіресе жаңбыр жауып тұрса, ол мен үшін ми қақыратар мотивация мен шабыт.

М.: Мен күн сайын таңғы 5:30-да оянамын, өйткені барлық шығармашылық маған 6-дан 8-ге дейінгі аралықта келеді. Ешқандай түнгі шабыт та, масаң күй де жоқ.

М.: Жұбайымның гонорары қалған музыканттардікіндей дәл сондай. Репетиция мен концертте ол маған жұбай емес. Ол — топтың жай ғана мүшесі.

М.: Концерт алдында біз барлық ұсақ-түйекті, тіпті шұлыққа дейін талқылаймыз. Артист ретінде соған сай көрінуің керек. Музыка, репетиция, сыртқы келбет — бәрі мінсіз болуы тиіс.

А.: Денис Дорохов YouTube-арнасындағы видеоларының бірінде біздің әнді пайдаланғаннан кейін, бізді әлдеқайда жиірек танитын болды. Оның ішінде Алматыда да.

М.: Кез келген суретші ақша да, мойындау да қалайды.

М.: Бүкіл өмірім осыған алып келді — әрі біздің жолдың дұрыс екеніне, бұған лайық екенімізге сенімдімін. Жұлдыз ауруына шалдықпадық, жай ғана мақсатқа жететінімізді және табыс келетінін білеміз.

М.: Біз Африка мен Антарктидадан басқа барлық құрлықтарға концертпен барамыз. Бұл қыңырлық емес, уақытты, жұмыс процесін, бизнесті жүйелі түрде құрылымдау. Біз реалистпіз. Ең кемі, егер «Грэмми» болмаса да, платина дискін нақты аламыз.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше