Геологиялық апат: "Түркия жері 3 метрге жылжыды"


Италияның Ұлттық геофизика және вулканология институтының (INGV) басшысы Карло Даниоли Corriere della sera басылымының беттерінде сенсациялық мәлімдеме жасады.

Ғалым жарықшақ сызығы орналасқан Анадолы тақтасының араб тақтасымен салыстырғанда солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бағытта кемінде үш метрге ығысқанын айтты. Бұл қозғалыс небәрі 30-40 секундта болған.

Данионидің айтуынша, әдетте геологиялық қозғалыс жылына 2-3 миллиметрден аспайтынын ескерсек, біз жаһандық ауқымдағы апатты көрдік.

Әдетте жер сілкінісінен кейін плиталар бірнеше сантиметрге жылжи алады, бірақ одан көп емес.

Дегенмен, сарапшылар жер тақтасының «жылжулары» және басқа да терең жатқан процестері туралы біржақты айтуға әлі ерте екенін, бұл салада ауқымды зерттеулер қажет екенін айтады.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше