Инвестор Twitter Inc. миллиардер Илон Маскты компания акцияларын манипуляциялап қолданды деп айыптап, сотқа берді.
Талапкер Джузеппе Пампенаның айтуынша, Маск мәміледен бас тарту арқылы «компанияға шығын әкелген», деп хабарлайды Bloomberg.
Агенттіктің хабарлауынша, соттан Масктың Twitter-ге қарсы айыптаулары акция бағасын құлдыратып, инвесторларға зиянын тигізгені белгілі болды.
Осы жылдың сәуір айында Илон Маск әлеуметтік желіні 44 миллиард долларға сатып алуға келіскен. Алайда Маск өзі айтқандай, Twitter оның үмітін ақтай алмаған. Миллиардер келісімнің шарттарын орындамағаны үшін оны сатып алудан бас тартқан еді. Миллиардердің айтуынша, әлеуметтік желі аккаунттардың санын төмендеткен, сонымен қатар сұраныс бойынша жеткілікті ақпарат бермеген. Ол компанияның кадр саясатына да көңілі толмаған. Кейінірек, 8 шілдеде Маск Twitter-ге сатып алудан бас тарту туралы хабарлаған. Әлеуметтік желі кәсіпкердің үстінен Делавэр сотына шағым түсірген.
4 қазанда миллиардердің тағы да әлеуметтік желіні алғысы келетіні белгілі болған еді. Ол әлеуметтік желіге акцияның бастапқы құны 54,2 доллармен қайта сатуды ұсынған еді.