Иран президенті ұшақ апатынан қайтыс болды


Иран президенті Ибрагим Раиси Әзірбайжанның солтүстік-батысындағы провинциясында тікұшақ апатынан қаза тапты. Ол 63 жаста еді.

Фото ашық дереккөзден

Бұл туралы Mehr агенттігі хабарлады.

«Иран президенті мен оның қасындағылар тікұшақ апатынан қаза тапты… Иранның солтүстік-батысындағы таулы аймақта тікұшақ апатынан біздің елдің президенті Ибрахим Раиси қайтыс болды, қаза тапқандар арасында Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан да бар», -- делінген агенттік таратқан хабарламада.

Сондай-ақ тікұшақ бортында Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан, Шығыс Әзірбайжан провинциясының губернаторы Малек Рахмати және Тебриздің жұма имамы Мохаммад Али Але Хашем болған. Олардың барлығы апат салдарынан қаза тапты.

Бұл ақпаратты кейінірек Иранның вице-президенті Мохсен Мансури де растады.

Ибрахим Раиси 1960 жылы 14 желтоқсанда Мешхед қаласында дін қызметкерінің отбасында дүниеге келген, ол Мұхаммед пайғамбардың ұрпағы саналады. Әкесі Саид қажы бес жасында өмірден өткен.

Саясаткер заңгерлік білім алып, жеке құқық ғылымының докторы дәрежесін алды, әртүрлі облыстар мен астанада прокурорлық қызметте жұмыс істеді, революция қарсыластарына қарсы сот процестерін жүргізді. Нәтижесінде Раиси бүкіл елдің Бас прокуроры лауазымына ие болды. 2021 жылы Раиси Иран президенті болды - оған сайлаушылардың 72 пайызы дауыс берді.

Өткен жылдың желтоқсанында ол 63 жасқа толды. Ибрахим Раиси Мешхедтің көрнекті имамы Ахмад Аламолхода Хорасанидің қызы Жәмила Аламолходаға үйленді. Ерлі-зайыптылардың екі қызы мен екі немересі бар.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше