Ішкі істер министрлігі Бишімбаевтың қай түрмеде отыратынын айта алмады


Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, елдегі түрмелер толып кеткен.

Фото: ҚР Жоғарғы Соты

Мәжіліс алаңында ол БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Сотталған Қуандық Бишімбаевтың жазасын қай түрмеде өтейтіні туралы сұраққа Ішкі істер министрлігі басшысының бірінші орынбасары нақты жауап бермеді.

«Бишімбаев оған шығарылған үкіммен келіспейді. Ол сотқа қайта арыз жазады, сондықтан әлі тергеу изоляторында отыр. Су тасқынының салдарынан осы қылмыс санатына жататын колонияларымыз басқа аймақтарға ауыстырылды. Түрменің толып кетуі проблемасы бар. Сондықтан Бишімбаевтың қай колонияда жазасын өтейтінін әзірге айта алмаймын», – дейді Марат Қожаев.

Еске сала кетейік, сот бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше