«Эйр Астана» компаниясына қатысты әкімшілік іс қозғалды


Бас прокуратура биылғы жылы «Эйр Астанаға» қатысты аудит жүргізуді бастады.

"Биыл Бас прокуратура "Эйр Астана" әуе компаниясына қатысты аудит жүргізуге бастамақшы болды. Бас прокуратураның тексеруі аясында бәсекелестік заңнамасының сақталуына тексеру жүргіздік. Қорытындылай келе Бас прокуратураның ұсынысы бойынша «Эйр Астана» әуе компаниясына қатысты әкімшілік іс қозғадық», - деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қазіргі уақытта іс әкімшілік сотта қаралуда.

"Оларды ескерту үшін біз нарықты монополиясыздандыру шараларын жасап жатырмыз. Жыл сайын нарық субъектісін тексеруді бастаудың мағынасы жоқ, бәсекелестікті дамыту шараларын қабылдаған дұрыс. Ол үшін азаматтық авиация саласында ұлттық операторды бөлуді, жеке әуе тасымалдаушыларының жаңа әуе кемелерін сатып алуға мемлекеттік қолдау көрсетуді ұсынамыз. Бұл ұлттық тасымалдаушының нарықтағы үлесін азайтады және осы нарықта билеттер құнын төмендететін нақты жағдай жасайды», - деді спикер.

Анықтама үшін: «Эйр Астана» – «Самұрық-Қазына» қоры мен британдық BAE Systems компаниясының бірлескен кәсіпорны (тиісінше 51% және 49% акция).

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше