49 жастағы әйел бұрынғы UFC чемпионы Конор Макгрегорды зорлады және ұрып-соқты деп айыптап, сотқа берді, деп хабарлайды The Guradian.
Әйелдің аты-жөні жарияланбады, бірақ ол Уолл-стрит вице-президенті екені белгілі. Оның талап арызы бойынша, оқиға 2023 жылдың 9 маусымында Майамидегі NBA финалы кезінде Майами Хит пен Денвер Наггетс арасында болған. Жәбірленуші Макгрегордың команда мүшелерінің бірі оны күштеп өзіне сүйреп апарғанын айтады. Содан кейін Конор оны дәретхана бөлмесіне апарып, «жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық» жасап, ұрып-соғады.
Әйел Майами полициясына 2023 жылдың 11 маусымында хабарласқанын айтады. Бірақ Флорида прокурорлары Макгрегорға қарсы қылмыстық іс қозғаудан бас тартты.
Жәбірленуші сотта «Miami Heat» баскетбол клубы мен Caseia Center спорт кешенін басқаратын Basketball Properties LLC компаниясының да атын атады. Әйел оларды арена қызметкерлері мас МакГрегорға алкогольдік ішімдік беруді тоқтатпады және спорт кешені оның қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмады деп айыптайды.
Бұрынғы UFC жауынгері барлық айыптауларды жоққа шығарды, оның адвокаты Барбара Лланес әйелдің «жаңа жалған оқиғаны» ойлап тапқанын айтты. Адвокат «істің жабылатынына» сенімді.
Өз кезегінде жәбірленушінің өкілі Джим Данн 75 000 долларға азаматтық талап – оның клиенті үшін әділдікке жетудің жалғыз жолы екенін айтты.
Айта кетейік, бұл спортшыға әйелге зорлық көрсетті деген бірінші айып емес. Макгрегор бұған дейін Ирландия мен Корсикада сексуалдық зорлық жасады деген айыппен тергелген. Ал 2024 жылдың желтоқсанында сот оны Никита Хандқа азаматтық зорлау ісі бойынша сот шығындары үшін 1,5 миллион доллар төлеуге міндеттеді.