Бұл сұмдық жайында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желіде айтты.
Зәкиева үш баланы фермада қанап, құлдықта ұстаған.
"Бүгін облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлымен, прокуратурамен, Ішкі істер министрлігімен бірге істің барлық мән-жайын зерттеп, қажетті шараларды қолдандық. Ақпан айының басында облыстық прокуратураның тексеру нәтижесінде бір отбасынан үш бала – 1 қыз және 2 ұлдың құлдықта ұсталғаны анықталды. Оларды патронаттық отбасы 2018 жылы балалар үйінен балаларды алып кеткен. Балалар 14, 12 және кішісі 8 жаста. Қылмыскер қаладан 20 шақырым жердегі өз шаруашылығында бүлдіршіндерді ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген. Шаруашылықта екі табын жылқы мен 18 сиыр бар", - деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.
Комиссия мүшелері фермадағы балаларды қорқынышты жағдайда тапқан. Олардың денесі көгерген, тыртықтары өсіп, аш, кір күйінде табылған. Анықталғандай, "қамқоршы" балаларды қорлап, ұрып-соғып, бес жыл бойы мемлекеттен тұрақты жәрдемақы алып отырған.
Қылмыскер үлкен қызды егер ол шағымданса немесе жұмыс істеуден бас тартса, ағаларымен енді ешқашан көріспейсің деп қорқытқан.
"Қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар жүргізілуде. Балалар қазір бірге және қауіпсіз жерде. Оларға психологиялық көмек көрсетіліп, киіндіріліп, аяқ-киіммен қамтамасыз етіліп, тамақтандырылуда.Облыс әкімі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларға көмек көрсету, тұру, білім алу шараларын жеке бақылауға алды", – деп жазды Динара Зәкиева.