Максим Галкин Қазақстан билігін "бостандық жоқ" деп айыптады


Әйгілі ресейлік әзілкеш Максим Галкин Қазақстанда оның концерттерін өткізуге мемлекеттік деңгейде ашық түрде тыйым салынғанын мәлімдеді.

Максим Галкин, сурет ашық дереккөзден

Өнерпаздың айтуынша, қазақстандық шенеуніктер оның Астана мен Алматыға гастрольдік сапарын себебін түсіндірместен тоқтатқан.

"Концерт өткізуде менде қиыншылық бар, бір қызығы, ол Қазақстанда. Олар мемлекеттік деңгейде менің Астана мен Алматыдағы концерттеріме араласады", - деп өзінің Instagram парақшасында жарияланған видеосында айтты.

Галкин алғашында қазақстандық концерттік орындармен келісім жасалып, билеттер сатыла бастағанын атап өтті. Алайда, содан кейін «кейбір ойдан шығарылған себептер, кедергілер, сахна сыртындағы тыйымдар» басталды.

"Билік концерттерім өтпеуі үшін бәрін жасап жатыр. Бұл өте өкінішті. Қазақстан билігі қазіргі әлемдік жағдайда өзін еркін сезінеді деп ойладым. Бірақ, белгілі болғандай, бұл олай емес екн. Олардың ойынша мен Қазақстанға қандай да бір қауіп төндіремін. Бұл өте өкінішті жағдай, өйткені мен Қазақстанды шын сүйемін", - деп қосты шоумен.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше