Бұл туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарлады.
2022 жылғы 18 қазанда қазақстандық вайнерді қамауға алу мерзімін ұзарту туралы сот шешімі шықты.
Сот жіберген хабарламада:
"Тергеу органдарының күдікті Мейіржан Төребаевты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде 1 айға, яғни 18 қарашаға дейін қамауда ұстауға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды", - делінген.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.