Gagadget.com сайтының мәліметінше, соңғы рет Microsoft 2021 жылы ең құнды жаһандық компания атанған.
Басылым атап өткендей, Microsoft нарықтық капиталдандыру бойынша біраз уақыт Apple-ді басып озды және бірінші орынға ие болды, бірақ кейін екінші орынға қайта түсті. Бір айға жуық уақыт өткеріп, Microsoft қайтадан әлемдегі ең құнды компанияға айналды.
Компания аптаны бір акция үшін 420,55 доллармен аяқтады (жұма күні +1,56 пайыз). Нәтижесінде Microsoft-тың қазіргі уақытта нарықтық капитализациясы $3,124 трлн.
"Бұл барлық компаниялар арасындағы абсолютті рекорд. Бұған дейінгі рекордты Apple орнатқан: 2023 жылдың 31 шілдесінде оның нарықтық капиталы 3,09 триллион АҚШ долларына жеткен. Қазір ол 2,916 триллион", - деп жазады басылым.