Түнгі суретте Украина аумағы қараңғы дақ секілді, тек бірнеше кішкентай жарық байқалады.
Ресей қазан айының басынан бері Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына шабуыл жасауда. Мұндай алғашқы шабуыл Қырым көпіріндегі жарылыстан екі күн өткен соң, 10 қазанда болды.
Украинаның барлық аумағындағы инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдардан кейін электр қуаты үзілді.
Украина президентінің әйелі Олена Зеленска ВВС-ге берген сұхбатында украиндар ЕО-ға мүше болу үшін мұндай жағдайға екі-үш жыл «төзе беруге дайын» екенін айтты.
«Укренерго» Украинада электрмен жабдықтауды қалпына келтіруге оптимистік болжам жасады, деп жазады UNIAN.
Басылымның хабарлауынша, Украинаның энергетикалық жүйесі осы демалыс күндері жоспарланған электр қуатын өшіру кестесіне енуі мүмкін. Алайда бүгін, 26 қарашада электр қуатының үзілуін қысқартуға мүмкіндік беретін лимиттер белгіленді.
«Укренерго» басшысы Владимир Кудрицкийдің айтуынша, АЭС-те қуаттардың жиынтығы әлі де күтілуде.