Нұрсұлтан Назарбаев Абай ауданындағы өртті сөндіру кезінде 14 адам қаза тапқан қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.
"Абай облысындағы ауқымды өрт салдарынан орман шаруашылығының бірқатар жұмысшыларының қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым.
Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін.
Қолға алынып жатқан шаралар арқылы бұл апат еңсеріледі деп сенемін", - деп жазылған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің сайтында жарияланған хабарламада.