Енді Назарбаевтың қауіпсіздігіне ешкім жауапты болмайды


Мемлекеттік күзет қызметінің басты міндететрі қатарынан ҚР тұңғыш президенті - елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алынып тасталатын болды. 

Сурет ашық дереккөзден
Жас Канат

Президенттің ҚР Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы жарлығына өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы мәлімет Ашық НҚА порталында жарияланды. 

Құжаттың салыстырмалы кестесі 42 тармақтан тұрады – өзгерістер мемлекеттік күзет туралы ереженің барлық дерлік бабына қатысты.

Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде МКҚ-ден Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті "ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы ҚР Конституциялық заңының" күші жойылуына байланысты алынып тасталып отырғаны көрсетіліп отыр.

Сондай-ақ, аталған Жарлық жобасы 14 маусымға дейін көпшілік талқыланбақ. Содан кейін қол қою үшін Президентке жолданатын болады. 

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше