Ғаламторда Николас Кейдждің экшнге толы Amazon жобасының түсірілім алаңындағы алғашқы суреттері пайда болды.
Spider-Man Noir — 2009 жылы шыққан Marvel комикстерінің осы аттас нұсқасы. Сериал 1930 жылдары Нью-Йоркте тұратын және жұмыс істейтін қартайған дтектив Николас Кейдждің айналасында өрбиді. Бір күні детектив ерекше күрделі тергеуді қолға алып, қауіпті қастандықтың ортасында қалады, нәтижесінде өзінің өткен шақтағы қайталанбас Өрмекші-адам кейпіндегі өмірімен тағы да бетпе-бет келуге мәжбүр болады.
Кейджмен бірге экранға Ламорн Моррис, Джек Хьюстон, Брендан Глисон, Ли Джун Ли, Лукас Хаас, Авраам Попула және Уитни Райс шығады. Өрен Узил және Стив Лайтфут атқарушы продюсерлер қызметін атқарады.