Отандық «Дәстүр» фильмі ресейлік кинотеатрларға жетті


Қуаныш Бейсек және Айсұлтан Сейітовпен жұмыс істеген оператор Азамат Дулатовтың «Дәстур» қорқынышты фильмі Ресейде прокатқа шықты.

Фото: «Дәстүр» фильмінен кадр

Фильмнің сыры неде екенін олар «Новая газета-Европа» материалында айтты. Мақала авторы бұл отбасылық зорлық-зомбылық туралы фильм екенін атап өтеді.

«Қазақстанда бұл бұрынғыдан да өзекті тақырып, әсіресе Салтанат Нүкенованы күйеуі өлтіргеннен кейін мәселе қоғамда жаппай талқыланды. Сонымен қатар, туынды күтпеген жерден мистикалық қорқынышты жанрда түсірілген», - делінген мақалада.

Дәстүр — қоғамдық пікір, ескіркен дәстүр, зорлық-зомбылық туралы түсірілген қорқынышты, драмалық фильм. Ұлттық дәстүрлерді деконструкциялайтын, мұсылмандық жын шығару рәсімі көрсетілген мистикалық триллер.

«Дәстүрде» қолданылған техникалардың көпшілігі жанрға байланысты екінші дәрежелі болғанымен, фильм қазақстандық киноиндустрия үшін серпіліс болды: көрсетілімдердің алғашқы аптасында-ақ прокатта бірінші орынға шықты.

Фильмде көрсетілген басты мәселе - дәстүрлі патриархалдық қоғамдағы ерлер мен әйелдердің қарым-қатынасы. Әйелдердің құқықтарының жоқтығы, оған меншік ретінде қарау, зорлық-зомбылыққа жол беру. Басты кейіпкер қызының одан бас тартқанына ашуланады. Қыздың ата-анасы тіпті онымен ақылдаспай оны зорлаушыға сатады.

Туындының саяси сілтемелері де бар. Фильмде фронтальды метафоралар мен сілтемелер кездеседі: бүкіл округке әсер ететін екі басты ер кейіпкердің аты Нұрсұлтан мен Болат. Фильм топонимдері танымал атауларға сілтейді: Болашақ ауылы, «Хан Шатыр» тойханасы, «Бәйтерек» дүкені.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше