Қараша айында Парижде Өзбекстанның ежелгі мәдениеті мен салт-дәстүріне арналған екі көрме ашылу жоспарланған. Экспонаттардың ішінде ислам әлемінің маңызды қолжазбаларының бірі саналатын 8 ғасырдағы «Катталанғар Құран» кітабы көрсетілетін болады.
Катталанғар Құранның ислам және мұсылмандар үшін орасан зор діни мәні бар. Ол бүкіл адамзаттың мәдени және тарихи мұрасын құрайтын құндылықтардың бірі болып табылады.
Катталанғар Құран Қашқадария облысы Қамашин ауданындағы Лаңғар-ота мешітінде ұзақ уақыт сақталды. Ислам әлемінде ол Мус-хафтың ең көне қолжазбаларының бірі болып саналады.
Өзбекстан Мұсылмандары басқармасы атап өткендей, әлемде Катталанғар Құранның бір ғана данасы бар.
Көрмеде Құранның екі беті қойылып, келушілер оның ерекше каллиграфиясы мен миниатюраларын тамашалай алады.
Араб әлемі институтында өтетін «Самарқандқа жол, Өзбекстанның бояулары мен сәні» атты екінші көрмеге Өзбекстан Республикасының 9 музейінен 300-ден астам экспонат қойылады. Коллекцияға тоқыма бұйымдары, киім-кешек, аяқ киім, бас киім, 19 ғасырдың соңы - 20 ғасырдың ортасындағы зергерлік бұйымдар, Бұхара әмірлігі дәуіріндегі алтын кестеленген шапандар, сондай-ақ мемлекеттік мұражайлар коллекцияларынан Түркістан авангардының картиналары кіреді.
Луврдағы және Араб әлемі институтындағы көрмелер аясында халықаралық және өзбекстандық мамандардың ғылыми мақалалары бар каталогтар шығарылады.