Қырғызстанда еуропалық туристер отырған пойызға тас лақтырған кімдер?

Қырғызстанның Шу облысында Еуропадан келген туристер отырған пойызға тас лақтырған. Orda.kz мәліметінше, оқиға салдарынан бір адам зардап шеккен.


Мақаланың суреті DALL·E нейрожелісі арқылы жасалған
Мақаланың суреті DALL·E нейрожелісі арқылы жасалған

Бұл — 2025 жылы Қырғызстанға келген шетелдік туристермен алғашқы туристік пойыз болатын. Оқиға 10 сәуір күні кешке Қант — Аламедин бағытындағы жол учаскесінде болған. «Кыргыз темир жолу» компаниясының мәліметінше, белгісіз адамдар пойызға тас лақтырған — алтыншы және сегізінші вагондардың терезелері зақымдалған. Пойыз бригадасының бір қызметкері жарақат алған.

Пойыз Балыкчы қаласынан шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, пойызда Еуропа елдерінен келген қонақтар болған. Теміржол компаниясы мұндай әрекеттер жолаушыларға жайсыздық туғызып қана қоймай, олардың өміріне тікелей қауіп төндіретінін атап өтті.

«Біздің елге келген қонақтар қылмыстық әрекеттердің салдарынан зардап шегуі — жол беруге болмайтын жағдай. Бұл Қырғызстанның халықаралық беделіне кері әсер етуі мүмкін», — деп мәлімдеді «Кыргыз темир жолу» баспасөз қызметі.

Қазір оқиға орнында милиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Қылмыстық іс қозғалды, шабуыл жасағандардың жеке басы анықталуда.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше