Режиссер Қуаныш Бейсеков атақты актрисамен шаңырақ көтерді


Ирина Кайратовна бейнеклиптерінің бұрынғы бас режиссері Қуаныш Бейсеков отбасын құрды. 27 жастағы жігіт нике қию рәсімін жасаған, бұл туралы ол әлеуметтік желісінде бөлісті.

Сурет: esquire.kz

Қуаныштың жары актриса Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай. Бойжеткен қазақ көрермендеріне бірқатар тележобалардың арқасында танылды. Шығармашылық жолы Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінде және «Алтын тақ» телехикаясындағы Бұрындық ханның әйелі Қызданай рөлінен басталды.

"Алланың қалауымен некемізді қидық», – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Сурет: әлеуметтік желіден

Жастар қарым-қатынастарын жарнамаламады, дегенмен жанкүйерлердің болжамдары расталды. Ғазизаның бірінші некесінен ұл тәрбиелеп отырғаны белгілі. Бойжеткен актерлік мансаппен қатар бизнеспен де айналысады. Оның ұлттық шапан тігуетін өзінің жеке киім бренді бар.

Қуаныш Бейсеков – YouTube желісіндегі танымал «Ирина Кайратовна» шоуының авторларының бірі. Бірнеше ай бұрын режиссер жобадан кетіп қалған еді.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше