Қазақстанның әйелдер теннис құрамасы австралиялық Брисбенде ойындарына дайындық барысында жергілікті зообаққа барды. Ойыншылар мен жаттықтырушылар құрамы коала қасымен фотосессия жасап, кенгуруларды көрді, деп хабарлайды ФТК баспасөз қызметі.
Мұндай сәттер командаға жарыс атмосферасынан біраз үзіліс алуға, оң эмоциялармен қуат алуға және алдағы кездесулерге дайындалуға көмектеседі.



Құраманың көшбасшысы Елена Рыбакина командалық фотоға үлгермей қалды, себебі ол Брисбенге түнде ұшып келген.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның әйелдер теннис құрамасы әлемдік командалық «Билли Джин Кинг кубогы» чемпионатының іріктеу кезеңіне белсенді дайындалып жатыр. Теннисшілер 10 сәуірде Австралияға және 11 сәуірде Колумбия құрамасына қарсы ойнайды.