Енді Сианьнан Алматыға туристік пойыз қатынайды


Бұл туралы Қазақстан темір жолы хабарлады.

Фото: ҚТЖ

ҚТЖ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері мен Сиань қаласының (ҚХР) үкіметінің делегациясы Сиань қаласынан Алматыға халықаралық туристік жолаушылар пойызын шығаруды ұйымдастыру мәселесін талқылады.

Туристік пойыз Үрімші – Алматы-2 бағытындағы No103/104 жолаушылар пойызының кестесі бойынша «Қорғас-Алтынкөл» шекара өткелінен өтеді.

Пойыз Алматы-2 станциясында бірнеше күн болады. Осы уақыт ішінде қазақстандық тарап жолаушылар үшін теміржол вокзалында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етіп, мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесетін болады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше