1830-1835 жылдар аралығында жазылған бұл сирек қолжазбаны куратор Робинсон МакКлеллан жаңа коллекцияларды каталогтау кезінде тапқан. Содан кейін туындының түпнұсқалығын анықтау үшін жетекші Шопен сарапшылары жұмыс істеді.
Туындының ырғағы мен нотасында аздаған қателер бар, бірақ сарапшы МакКлеллан оның артында Шопен тұрғанына сенімді екенін айтты.
Біз бұл шығарманы Шопен өз қолымен жазғанына 98% сенімдіміз және оны естіген көптеген адамдар5а бұл Шопен сияқты естіледі. Музыканың атипикалық аспектілері бар, дауылды ашылуы тытыңдарманды таң қалдырады, ал әуенінен Шопеннің стилі сезіледі,-
сарапшы Робинсон МакКлеллан.
Негізінен фортепиано солосын жазған Шопен 1849 жылы Францияда 39 жасында қайтыс болды. Ол салыстырмалы түрде қысқа өмірінде галлюцинацияға ұшыраған және эпилепсиямен ауырған болуы мүмкін, деп есептейді испан зерттеушілері.
Биылғы Last Night of the Proms сахнасында өнер көрсеткен классикалық пианист сэр Стивен Хоу Шопеннің барлық шығармаларын жазып алған және оны өзінің «сүйікті композиторы» деп сипаттайды.
Шопен, мен үшін, ұлы тұлғалардың бірі. Сондықтан, көптеген жылдар бойы өзіме үлгі тұтатын тұлғаның шығармасының табылуы таң қаларлық дүние. Менің ойымша, жаңадан ашылған бұл қолжазба Шопеннің жұмысы. Бастапқыда мен шынайылығына күмәндандым, өйткені ол кейбір жерлерде дөрекі болып көрінді, бірақ автор Китс поэмасының эскизіне тап болған сияқты, ол сөздің ретін анықтап үлгермеген және бірнеше емле қателері бар, бірақ қалай болғанда да оның "гений" екенін айта аласыз,-
танымал классикалық пианист сэр Стивен Хоу.
Сараптылардың айтуынша, бұл туынды Шопеннің «ең жақсы вальстарының» бірі немесе «ең нашар вальстерінің бірі» емес. Поляк композиторы Фредерик Шопеннің жәшікте сақтаған және ешқашан жариялағысы келмеген туындылары, ол қайтыс болғаннан кейін жарияланған және әлі де оған тиесілі болуы мүмкін көптеген белгісіз шығармалар болуы мүмкін.